Токиода жүлдеге іліккендер Үкіметтен қанша сыйақы алады?

Бек ТӨЛЕУОВ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған және жүлдегер болғандарға қанша сыйақы төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.

"Бұл жолғы Олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларға, олардың бапкерлеріне арналған әрбір спорт түрі бойынша сыйақы беру туралы ережелер қабылданған болатын. Өздеріңіз білесіздер, осы құжат бойынша бірінші орын алған спортшы мен бапкерлерге 250 мың доллар беріледі. Бұл жерде бапкерге берілетін 250 мың доллардың төлемақысынан 10 пайызы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге төленеді. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы ұлттық құраманың бас бапкеріне тиесіліі", — деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Рио-де-Жанейро Олимпиадасы секілді бұл жолы да екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орын 75 мың доллар беріледі.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілде күні Токио Олимпиада стадионында өтеді. Қазақстанда 27 спорт түрінен 96 жолдама бар. Ел намысын 95 спортшы қорғайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров