Өзбекстан әскерилері Ұлттық ұланмен тәжірибе алмасты

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Өзбекстан Ұлттық ұланының қолбасшысы генерал-майор Рустам Жураев бастаған делегациясының еліміздегі жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды ЭК.

29 маусым да бауырлас республиканың әскери делегациясы Қазақстан Ұлттық ұланының Жоғары қолбасшылығында болды. Кездесуі кезінде брифинг өткізіліп, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қонақтарға құрылым туралы, атқарылған міндеттері мен әскердің даму перспективалары жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында бірлескен жаттығулар (тренингтер) өткізу, қос тарап ұйымдастырған спорттық жарыстарға екі жақ ведомстволары өкілдерінің қатысуы секілді мәселелер қаралды.

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Кездесуде делегация басшысы генерал-майор Рустам Жураев қазақ-өзбек қатынастарының терең тарихи тамыры мен ортақ рухани құндылықтары бар екенін, біздің халықтарымыздың достығы мен бауырластығынан күш алатынын атап өтті.

Елордадағы іссапар барысында өзбекстандық әскерилер Қазақстан Ұлттық ұланының астаналық жедел бригадасында болды. Қонақтарға әскери қалашықтың инфрақұрылымы, әскери техникасы мен қару-жарақ үлгілері және басқа да нысандар көрсетілді.

Делегацияның жұмыс сапары Алматыда аяқталды. Онда Өзбекстаннан келген әскерилер Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан арнайы жасақтарының Жауынгерлік-әдістемелік даярлау орталығының мүмкіндіктерімен танысты.

Сапар барысында Қазақстан Ұлттық ұланының Әскери институты мен Өзбекстан Ұлттық ұланының Әскери-техникалық институты арасында Ынтымақтастық Меморандумын жасау мәселесі де пысықталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров