"ҚазМұнайГаздың" зауытында өрт болып, бір адам қаза тапты

Фархат ӘБІЛОВ

kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Румыниядағы мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ЭК

2 шілде күні Румынияның Констанца қаласының маңындағы "Petromidia" мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өңдеу қондырғысынан өрт шыққан.

KMG International компаниясының корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Ескендір Әбдібайытовтың хабарлауынша, бес адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды.

Зауыттағы технологиялық процестер тоқтатылып, барлық қызметкерлер эвакуацияланды. Өрт толықтай сөндіріліп, қазір зауыт пен жергілікті биліктің өртке қарсы қызметтері жұмыс істеуде. Жағдайды бақылап отырмыз,

деді Әбдібайытов.

"Petromidia" МӨЗ — Қара теңіз жағалауында орналасқан және KMG International компаниясының Румыниядағы мұнай өңдеу зауыты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров