Гиннес рекордтарына қатысуға өтініш жолданды

Қанат ЕСКЕНДІР

Айбар Тұрғанбайұлы

276 тонналық қос локомотивті сүйреген жас палуан жаңа рекорд орнатқаны жөнінде қазақстандық рекордтар кітабының редакциясынан сенімхат алды, деп хабарлайды ЭК.

Айбар Тұрғанбайұлы әр қайсысы 138 тонналық екі локомотивті қатар сүйреп, 2018 жылы қазақстандық палуан Сергей Цырульников орнатқан рекордты артығымен жаңғыртқан еді. Сергейдің рекорды — жалпы салмағы 148 тонналық паровоз бен вагон болатын. Ал, Айбардың сүйрегені — ұзындығы 44 метрлік қос локомотив, жалпы салмағы 276 тонна!

Айбар ТұрғанбайұлыАйбар Тұрғанбайұлы
Айбар Тұрғанбайұлы

Мен өзім орнатқан жаңа рекордты Қажымұқан бабамыздың 150 жылдығына арнаймын. Атақты палуан бабамыздың ерлігін біздер қайталамасақ, кім қайталай алады?!

дейді жас палуан.

Жамбылдық палуанның айтуынша, әлемде жүргізілген карантин шаралары қазақстандық спортшылардың барлық жоспарын өзгерткен. Жаңа рекорд көрсеткіші тіркелгеннен кейін, Айбар әлемдік "Гиннес рекордтар кітабының" бас кеңсесіне өтініш жолдағанын айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров