Екпеден зардап шеккендерге өтемақы төленеді

Қанат ЕСКЕНДІР

© Reuters

Норвегияда AstraZeneca екпесінен зардап шеккен үш азаматқа өтемақы төленетін болды, деп хабарлайды ЭК.

Норвегиялық NRK телекомпаниясы мемлекеттік "Өтемақы өндіру жүйесі" (NPE) осындай мәлімет таратқанын жариялап отыр. Телеарна тілшісінің айтуынша, аталмыш екпеден көктемде 40 жастағы әйел көз жұмған. Одан кейін тағы да екі адам — әйел мен еркек ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Еуропаның кейбір мемлекеттері екпе алғаннан соң бірнеше адамның қан тамыры жарылып кеткеннен кейін, AstraZeneca екпесін егуді тоқтатқан болатын. Алайда екпені жасаушы компания өздерінің 17 миллион адамға екпе жасап, белгілі уақыт аралығында бақылау жүргізгенін айтып, айыптаулармен келіспейтінін жеткізген.

Норвегиядағы бұл жағдай — нақты бір дәрілік екпенің кері әсері дәлелденген алғашқы оқиға.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров