Италия Бельгиядан басым түсті

Бек ТӨЛЕУОВ

© Reuters / Matthias HANGST

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалының екінші матчында Италия құрамасы Бельгияны жеңді, деп хабарлайды ЭК.

Италия құрамасы бірінші таймда екі гол соқты: Николо Барелла мен Лоренцо Инсинье мергендігімен көзге түсті. Бельгия сапынан Ромелу Лукаку үзіліске шығатын тұста пенальтиді сәтті орындады.

©Reuters / Christof STACHE©Reuters / Christof STACHE
©Reuters / Christof STACHE

Ал, екінші кезеңде ешқандай гол соғылмады. Италия осы есепті матч соңына дейін сақтап қалды.

©Reuters / Christof STACHE©Reuters / Christof STACHE
©Reuters / Christof STACHE

Енді 1/2 финалда Испания құрамасымен кездеседі. Испандар ширек финалда пенальтиден Швейцарияны жеңген еді.

Роберто Манчини жаттықтыратын Италия құрамасы осымен 13 мачта 36 гол соқты. Команда 32 матчта жеңілген жоқ. Ұзақ уақыт бойы мұндай серия жасаған екі құрама бар. Олар — Бразилия мен Испания. Екеуі де 35 матч бойы ешкімге есе жібермеген. Енді 3 кездесу жеңіліссіз серияны жалғастырса, рекордты қайталайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров