9 жасар қыздың білімі Эйнштейннен асып түсті


Twitter / RicardoBSalinas
Мексикалық 9 жасар Адхара Перес IQ көрсеткіші бойынша Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингті басып озды, деп хабарлайды ЭК.
Халықаралық Lad Bible басылымының хабарлауынша, дәрігерлер Адхарадан үш жасында аутизм дертіне ұқсас — Аспергер синдромы деген сырқатты анықтаған. Есейе келе оны мектепте қатарластары мазақтап, шеттететін болған. Кейін Адхараны шешесі мектептен шығарып алып, үйінде оқытады.
Жалдамалы мұғәлімдердің айырықша бақылауынан кейін, Адхара 5 жасында бастауыш сыныптың бағдарламасын, 7 жасында орта және жоғары сынып бағдарламаларын жетік меңгерген. Жуырда ол арнайы тест тапсырып, IQ нәтижесі бойынша 162 балл жинады. Ал, Эйнштейн мен Хокингтің көрсеткіші — 160 балл болатын.
Қазір 9 жасар зерек қыз жүйелі және өнеркәсіптік инженерия саласы бойынша екі бірдей университетте сырттай білім алып жатыр.