Атырауда білім басқармасының қызметкерлері ұсталды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырау облыстық білім басқармасының қызметкерлері 5 жыл бойы мемлекет қазынасынан қомақты қаржы ұрлап келген, деп жазады ЭК.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, облыстық білім басқармасының бірнеше қызметкері 2015-2020 жылдары аралығында басқармада жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аударып, кейін ол ақшаны қалталарына басқан. Сондай-ақ, қызметкерлер бармаған іс-сапарлардың жалған құжаттарын жасап, қаржыларын өзара бөліскен.

ЭК тілшісіне белгілі болғандай, ұсталғандардың ішінде басқарма басшысының орынбасары бар. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында, ары қарай сот санкциясымен тергеу изоляторына қамалмақ. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, бес жыл бойы ұрланған қаражат 100 млн теңгеге жуықтайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров