Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің 21 млн теңге парамен ұсталғаны расталды

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырауда 21 млн теңге пара алу кезінде өз қызметкерлерінің ұсталғаны жөнінде ақпаратты ЭК тілшісіне растады.

Осыған дейін ЭК тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерінің Атырауға арнайы келіп, офицерді сауда компаниясының директорынан 21 млн теңге пара алу кезінде ұстағанын жазған болатын. Ол сауда компаниясының басшысынан қозғалған қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тартпау үшін пара алған.

— 2021 жылдың 1 шілдесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп ірі көлемде пара алғаны үшін Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицерін ұстады, — деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қазір күдікті қамауда отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров