"Кезбидегі" еңбек дауына қатысты комиссия шешімі шықты

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

Комиссия Жаңаөзенде ереуіл жасаған "Кезби” ЖШС жұмысшыларының 12 талаптан тұратын арыз-шағымының барлығын дерлік орындау керек деп тапқан, деп хабарлайды ЭК.

Еңбек дауына байланысты құрылған комиссия өкілдері алғашқы отырысының нәтижелерін хабарлады. Наразылық білдірушілердің талаптарын егжей-тегжейлі қараған комиссия "Кезби" ЖШС басшылығына мынадай ұсыныстар берді.

Жалақыны 30% көбейтіп, сыйақыны 35%-дан 45%-ға дейін көтеру және еңбек демалысына шыққандарға сауықтыру үшін 50 АЕК көлемінде төлеуді, мереке күндері 30 АЕК төлеуді, жыл қорытыныдысына сай 13-ші айлықты төлеп беруді ұсынды. Сондай-ақ, зиянды аймақта жұмыс істегені үшін қосымша төлемақы мен жұмысшыларды еңбек өтіліне қарай орналастыру және стандартқа сай құрал-саймандармен жұмыс істеу секілді талаптарын дұрыс деп тапты", — деді Жаңаөзен қаласы әкімідігінің баспасөз қызметіндегілер.

Кәсіпорын қызметкерлері осы көрсетілген 12 талаптың он біріне келіскен. Ал жұмыс беруші жалақыны 30%-ға көтеруді компанияның ішкі резервінен жүзеге асыруды сұраған. Бірақ оған жұмысшылар келіспеді. Комиссия әлі де жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, 30 маусым күні Жаңаөзендегі "Кезби" ЖШС жұмысшылары еңбек шарттарын, жалақыны жақсартуды талап етіп, ереуілге шыққан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров