"Жасыл белдеу" ұлттық саябаққа айналуы мүмкін

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Елбасы Нұр-Cұлтан аумағындағы "жасыл белдеуге" ұлттық саябақ мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды ЭК.

Бас шаһардың "жасыл белдеуін" тікұшақпен аралаған тұңғыш президент, қала айналасындағы орманды алқаптың даму барысымен танысты. 24 жылдан бері қала іші мен оның маңайындағы аймақтарды абаттандыру жобасы осы уақыт аралығында едәуір жемісін берген.

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев "жасыл белдеу" қала экологиясын жақсартуға әсер еткенін атап өтті.

Алғаш егілген ағаштар қазір 20 метрге жетіп, қалың орманға айналды. Осы орманның арқасында жайлы климат қалыптасып, экология жақсарды. "Жасыл белдеуді"дамытуға атсалысып жүрген азаматтарға шын жүректен ризашылығымды білдіремін,

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметіҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Көгалдандыру жұмысына Түркия, Қытай, Венгрия және басқа елдерден мамандар шақырылғаны мәлім. "Жасыл белдеу" жобасы халықтың да қолдауына ие болды. Жайлы демалыспен қоса, салауатты өмір салтын сақтаймын дегендерге де мүмкіндік жасалған. Тіпті тұрғындар таза ауада жидек пен саңырауқұлақ тере алады.

Жасыл желекке орана бастаған астананың бүгінгі көрінісіне куә болған Елбасы елорданың "жасыл белдеуіне" ұлттық саябақ мәртебесін беруді ұсынды.

Сондай-ақ бұл күні елордада жылына 2000 қырғауыл өсіруге арналған орталық ашылып, тұңғыш президент табиғат аясында қырғауыл ұшыру шарасына қатысты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров