Алматыда 200 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды (видео)

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Бейнеден кадр

Алматы қаласының мониторинг тобы "Baq Saray" мейрамханасында өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түсті, деп хабарлайды ЭК.

Монитринг тобы шектеу шараларының бұзылуын видеоға түсіріп алған. Онда 200-ге жуық қонақ жиналғаны анықталды. Қонақтардан кешті тоқтатуды сұрап, коронавирустың ерекше қауіпті "дельта" штаммының таралып жатқанын ескерткен.

Мекеме иесін карантин талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналған.

Сондай-ақ, тексерушілер жасырын өтіп жатқан тағы бір шараның үстінен түскен. Реставратордың карантин шараларын бірнеше мәрте бұзғаны анықталды. Оған бұл қызметті атқаруға уақытша тыйым салуы мүмкін. Шешім әкімшілік сотта қаралмақ.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Қалада індеттің таралу қарқыны күн сайын артып келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров