"Бас айналу мен әлсіздік". Жедел жәрдем шақыратын науқастар саны күрт артты

Абылай МАУДАНОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қостанай облысында аптапты ыстық басылар емес. Бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды ЭК.

"Қалыпты күндері облыста жедел-жәрдем орталықтарына орта есеппен 900-дей шақырту түсетін. Қазір қоңыраулар саны 10% өсіп, тәулігіне 1000-1100-ге жеттті. Науқастарға ортақ негізгі белгі — бас айналу, әлсіздік, бас ауруы. Олардың ішінде қан қысымы жоғарылар мен жүрегі ауыратындар көп", — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Соңғы күндері аймақта ауа-температурасы 40 градустан түспей тұр. Күндіз ми қайнатқан ыстық, түнде тымырсық. Дәрігерлер тұрғындардың денсаулығына бей-жай қарамауын, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруы бар науқастарға аса сақ болуы керектігін ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров