Алматыда ірі қойманы өрт жалмады


ТЖД
Түрлі тауарлар қоймасындағы өрт таңғы сағат 5-терге жуық болған, деп хабарлайды ЭК.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 84 өрт сөндіруші мен 24 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, тікұшақ тартуға тура келді.


ТЖД
Ірі қойма Жетісу ауданында орналасқан.
"Өрт таңғы сағат 08:19-да толығымен сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында сол маңдағы 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді", — деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


ТЖД