Қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің төртінші айналымына шықты

Ержан ШАЙЖАН

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина, төртінші айналымда әлемнің 4- ракеткасы, беларустық Арина Соболенкамен кездеседі, деп хабарлайды ЭК.

Елена үш айналымда қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Теннисші өз карьерасында тұңғыш рет 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды.

Елена Рыбакина Арина Соболенкоға қарсы 5 шілдеде шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық спортшы қыз үшінші айналымда Американдық Шелби Роджерсті 6:1, 6:4 есебімен жеңгенін, естеріңізге сала кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров