Әкесі ұлын балталап өлтірді

Абылай МАУДАНОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қостанайда осындай жантүршігерлік қылмыс жасалды, деп хабарлайды ЭК ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әкесі мен ұлы бірге отырып ішімдік ішкен. Содан олардың ортасында жанжал шығады. Ақыры, 73 жастағы әкесі 30 жастағы ұлын басынан балтамен ұрып өлтіреді. Күдікті ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде", — делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров