Елімізге ауған босқындары әкеліне ме?


©️AP/Anja NIEDRINGHAUS
Сыртқы істер министрлігі ауған босқындары елімізге келуі мүмкін, деген ақпаратқа қандай да бір түсіктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды ЭК.
Ауғанстанда тәліптердің елдің басым бөлігін бағындырып, күш алуына байланысты, АҚШ Қазақстаннан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан ауған босқындарын қабылдауға өтініш жасаған. Бұл адамдар - америкалық әскерилерге көмек көрсетіп, қызмет еткендер.
Өзбектер мен тәжіктерді түсінуге болады. Олар Ауған жерімен шектесіп жатыр. Шекараның екі жағында да тәжік пен өзбек тұрады. Ал біз Ауғанстан бойынша міндеттемелерді өзіміз мойнымызға алдық,
Сарапшының айтуынша, Қазақстан - Ауғанстан бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі. Ондағы жұмысымыздың басым бағыты да — ауған мәселесі. Ауғанстан жөніндегі комитетті басқарады. Қазақстан бұл елге ұдайы көмек көрсетіп келеді.
Біз Ауғанстанға қатты байланып отырмыз. Бұл елге неге мұнша қамқорлық көрсететініміз түсініксіз. Ауған босқындарын қабылдайтын болдық па, жоқ па? Сыртқы істер министрлігі түсіндіріп берер, бәлкім,
ЭК тілшісі бұл сауалға жауап алмақ болып, Сыртқы істер министрлігіне жүгінгенде, ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияр:
Бұл мәселе бойынша Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қандай да бір түсініктеме беруден ресми түрде бас тартады,
"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.