Дос Көшім: "Барсакелмеске бара алмайтын болдым"

Ержан ШАЙЖАН

Дос Көшім

Барсакелмес аралын жаяу жүріп өтпек болған саясаткер енді Арал теңізінің құрғап қалған табанын кесіп өтумен шектелмек, деп хабарлайды ЭК.

Ал Барсакелмеске бара алмайтынын Дос Көшім екі жағдаймен байланыстырады. Өзінің айтуынша, ол жер арнайы қорғалатын қорық есебінде тұрғандықтан рұқсат қағазы керек екен. Екіншіден, сол жерде Арал мәселесі бойынша тендер ұтып алған Иран фирмасының аудармашысы күннің ыстығынан өліп кеткен.

Осы жайттарға байланысты жергілікті билік Дос Көшімге алыс сапарға шығуға рұқсат бермеген.

"Қысқасы, биылғы сапарды Аралды кесіп өтумен аяқтайтын сияқтымын. Барсакелместің келесі жылға қалатын түрі бар. Негізі, алдағы жылы менің ойымда Бетпақдала, ал одан соң Үстірт тұрған болатын. Мейлі, ең ыстық кезде жалғыз, жаяу кұмның үстімен өту де қызықты жоба. Бүгін кешке аттанамын", — деді Дос Көшім.

Естеріңізге сала кетейік, танымал саясаткер бұған дейін Бетпақдала аралын 20 күннің ішінде жаяу жүріп өткелі жатқанын айтқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров