Түркістан облысында электр бағаналарынан темір ұрлаушылар ұсталды


ТО ПД баспасөз қызметі
Жарықпен қамтамасыз етуші мекемеге 12 миллион теңге шығын келген, деп хабарлайды ЭК.


ТО ПД баспасөз қызметі
Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жол бойында орналасқан электр бағаналарының бөлшектерін ұрлап келген күдіктілерді ұстады. Олар қолды еткен электр бөлшектерін жарты бағасына сатып жіберіп отырған. Бүгінде күдіктілер кінәсін толық мойындаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.