Алматы облысында жаңа ақылы жолдан ақау шықты (видео)

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Бейнеден кадр

"Алматы-Шелек-Хоргос" ақылы жолы жарылып, бетон көтеріліп, көлік жүргізушілерінің өміріне қауіп төндірді, деп хабарлайды ЭК.

Жүргізушілер Whatsapp қосымшасы арқылы бірін-бірі сақтандырып жатқан видеоны лезде таратты. "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ жаңа ақылы жолдың сапасы үшін жауапкершіліктен қашпайтынын айтты.

Компанияның дерегінше, бетон плита жоғары қарай көтеріліп кеткен. Мұндай ақау күн қатты қызғанда немесе суығанда болады.

"Ескерту жасау және жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында апатты участкеде уақытша ескерту белгілері қойылып, жол органдары мен полиция кезекшілік атқарды", ­- дейді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Таң атпай жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров