Жапонияда алапат көшкіннен 20-ға жуық адам жоғалып кетті

Экспресс К

©Reuters / KYODO

Токионың Сидзуока префектурасындағы Амами қаласында жойқын көшкін жүріп, ондаған үй қирады, деп хабарлайды ЭК.

Ria.ru сайтының мәліметінше, көшкін таңғы сағат 10:00-дің шамасында болған. Салдарынан 20-ға жуық адам із-түсізсіз жоғалып кеткен. Апат аймағында іздестіру, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы күндері Сидзуко префектурасында қатты жаңбыр жауған. Соның салдары алапат көшкінке әкеліп отыр. Жергілікті билік 21 мыңға жуық тұрғын үйге қауіп төніп тұрғанын, 35 мыңнан аса адамды эвакуациялау керек екенін мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров