"Әлеуметтік қызметтер порталы" мол мүмкіндік береді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Биыл Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 200 мыңнан астам көмек түрін алды, деп хабарлайды ЭК.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері электронды порталдың көмегімен 113 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан оңалту техникалық құралдарын алса, сурдо аударма қызметіне алты мың адам қол жеткізген.

Сондай-ақ әлеуметтік көмекке ие болғандар ішінде жеке көмекшінің қызметіне жүгінгендер де көп, ал денсаулығын оңалту бағытында 36 мыңға жуық мүгедек шипажайда емделуге жолдама алды.

" Мүгедектігі бар адамдар портал арқылы оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өздері таңдайды. Көмек түріне тапсырыс беру қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады", — делінген ведомстваның баспасөз қызметінде.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік бөлімше бар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың осы портал арқылы тапсырыстарын үйге дейін жеткізіп беретін 500-ден астам адам қызмет етеді.

"Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған. 1411 нөмірі арқылы Call-орталықтан порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров