Масқарамызды шығарды: Бекболат Тілеухан ащы шындықты айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

parlam.kz

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 5 шілде күні, елордада тек Қостанай жылқысы тұқымы арасында бәйге өтетінін айтты, деп хабарлайды ЭК.

Көктемде Түркістан қаласында көшпенділер ойындары көрсетілген болатын. Оған Еуропадан асыл тұқымды, қолға үйретілген жылқылар жеткізілген. Бұл жағдай Мәжіліс депутатының намысына тисе керек, осыдан кейін тек Қостанай жылқысы бойынша бәйге өткізуді қолға алған.

"Әнеу күні Түркістанда біздің көпшелілердің, өз өміріміздің тыныс-тіршілігін көрсететін іс-шара өтті. Сонда Испанияның 18 Андалусия жылқысын әкеліп, масқарамызды шығарды. Бүкіл әлемге үзеңгісін шіреп, Еуразияның кең байтақ даласында асыр салған көшпенді ұрпағының көрсететін жылқысы болмағаны ұят жағдай. Испаниядан жылқы әкеліп жатқанымыз ыңғайсыз. Бізде жылқы жоқ па? деген сұрақтар туындады. Осы ретте ұялмай көрсететін жылқымыз — ол Қостанай жылқысы ", — дейді Бекболат Тілеухан ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қостанай жылқысы арасында болатын бәйгені қыздыру үшін жүлде қоры қомақты болу керек. Ұлттық спорт қауымдастығының президенті "Қазақстан барысы" жобасын мысалға келтірді. Яғни миллиондар тігілген кезде күресетіндердің саны артқанын еске салды.

Биыл орташа бәйге тігіп отырмыз. Келешекте меценаттар қолға алса, қомақты жүлделер тігілері анық. Ақша жүрген жерде әр түрлі қулықтар болуы мүмкін. Сондықтан ондайға жол бермеу үшін ғалымдарымыз жылқылардың ДНК талдамасын тексеріп барып ғана жарысқа қатыстырады. Болашақта Қостанай жылқысының бәйгесінде Геленваген секілді көліктер жүлдеге қойылады деп ойлаймын. Ондай кәсіпкерлер жетерлік. Бірақ бір өкініштісі, Қостанай жылқысының саны азайып кетті. Бұрынғыдай 44 мың жылқы жоқ", — дейді ол.

Бекболат Тілеуханның мәліметіне сүйенсек, Қостанай жылқысының саны тым азайып кеткен. Елімізде бұл тұқымның бар-жоғы 200-ге жуығы қалған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров