Жеңілмеген қазақ боксшысы Еуропа чемпионы атануы мүмкін

Экспресс К

instagram.com / sultanzaurbek/

10 шілдеде Алматыда Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (10-0, 7 КО) ағылшын спортшысы Ронни Кларкпен (21-4, 10 КО) қолғап түйістіреді, деп хабарлайды ЭК.

Sports.kz сайтының жазуынша, жекпе-жек жеңімпазы WBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі Еуропа чемпионы атанады. Қазақ спортшысы бұған дейін осы салмақ дәрежесінде жастар арасындағы WBC әлем чемпионы болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сұлтан Зауырбек украиналық Владислав Мельникті (12-3, 7 КО) айқын басымдықпен жеңген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров