Жәнібек Әлімханұлы жаттығуға енді қашан кірісетінін айтты


instagram.com / janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) жуық арада жаттығуды қайтадан бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК.
"Құрметті жанкүйерлер, команда демалысқа шықты. Желідегі белсенділік төмендейді. Америкадамыз. 10-15 күннен соң қайта жаттығуға кірісеміз бұйыртса! Қолдауларыңызға көп рахмет. Жеңісті күнде жүздесейік", — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Қазақ боксшысы Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңіп, өз дивизионындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған еді.
"Жәнібектің бұл демалысы маңызды жекпе-жек алдындағы тынығу сәті болуы мүмкін", — деп болжайды боксшының жанкүйерлері.