Канадада аптап ыстықтың құрбандары 719-ға жетті

Экспресс К

©Reuters / Jennifer GAUTHIER

Канаданың батысындағы Британдық Колумбия провинциясында қарттар аптап ыстыққа шыдамай жан тапсырып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

BBC агенттігінің хабарлауынша, соңғы аптада тұрғындардың кенеттен өліп кетуі жиілеген. Дәрігерлер мұны аймақта соңғы жылдары тіркелмеген алапат ыстықпен байланыстыруда. Термометр көрсеткіші 50 градусты шамалаған.

Сондай-ақ, аймақта ауа райының қолайсыздығынан жайлаған өрт те өршіп, саны 130-дан асты. Жүздеген адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр. Тілсіз жаумен күреске әскери тікұшақтар да жұмылдырылды, деп хабарлайды, BBC агенттігі. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Осыдан бірнеше күн бұрын өрт осы аймақтағы Литтон қалашағын он бес минуттың ішінде күлге айналдырып, мың шақты тұрғын баспанасыз қалған еді.

Канада басшылығы алапат өртті ғаламдық жылынудың зардаптарымен байланыстырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров