Екпе алмаған қызметкерін жұмысқа жібергендер қанша айыппұл төлейді?

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Талапқа бағынбаған басшылар жауапқа тартылады, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Оның айтуынша екпе алмаған қызметкерлерін жұмысқа жіберген жұмыс берушілер әкімшілік құқық бұзушылықтың 462,425 баптары бойынша жауапқа тартылады.

Мұндай жаза жеке тұлғаларға да қарастырылған.

Сонымен айыппұлдың көлемі қанша?

462-бап. "Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау" бойынша айыппұл көлемі:

Жеке тұлғаларға — 5 АЕК:

Лауазымды қызметкерлерге — 15 АЕК:

Шағын кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдарға — 100 АЕК:

Орта кәсіпкерлік субьектілеріне — 200 АЕК:

Ірі кәсіпкерлік субьектілілеріне — 500 АЕК айыппұл қарастырылған.

425-бап. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша айыппұл көлемі:

Жеке тұлғаларға — 30 АЕК:

Лауазымды қызметкерлерге, шағын кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдарға — 230 АЕК:

Орта кәсіпкерлік субьектілеріне — 310 АЕК:

Ірі кәсіпкерлік субьектілеріне — 1600АЕК:

Айта кетейік, түрлі компания басшылары 15 шілдеге дейін қарамағындағы қызметкерлеріне екпе салдыру шараларын ұйымдастыруы керек. 15 шілдеден кейін мониторингтік топ тексеріске шығады. Егер заң бұзушылық анықталса, талапқа бағынбаған басшылар айыппұл арқалайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров