Өзбекстан Twitter, TikTok және «ВКонтактенің» жұмысын шектеді

Экспресс К

© AP/Kiichiro SATO

Өзбекстанның ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласын бақылау жөніндегі Мемлекеттік инспекциясы әлеуметтік желілердің жұмысына шектеу қойды, деп хабарлайды ЭК.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, кешеден бері елде Twitter, TikTok және "ВКонтакте" желілерін интернетте пайдалануға шектеу қойылған. Олар тұлғалардың жеке құқықтарын бұзушылар реестріне енгізілген. Өзбекстанның , "Жеке мәлімет туралы заңының" 27-бабы бойынша кемшіліктер анықталуда. Тұтынушылар Skype мессенджерінің де жұмыс істемей тұрғанын айтады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ведомство желі иелерін заңды бұзбай, Өзбекстан азаматтарының жеке мәліметтері өңделетін серверлерді елдің ішінде орнатуға міндеттеген. Ал бұрынырақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев TikTok желісін пайдаланушылардың Әмір Темірдің ескерткіші мен ақын Әлішер Науаиді қорлаған бейнероликтерін сынға алған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров