Теміртауда балабақша қоршауына жаншылған баланың хәлі нашар

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

instagram.com/lashes_katysha_temirtau

Қатты желдің екпінімен шайқалған қоршау өтіп бара жатқан баланың үстіне құлаған, деп хабарлайды ЭК.

Оқиға Теміртау қаласындағы балабақшаның бірінде болған. Қатты желдің екпінімен шайқалған қоршау өтіп бара жатқан баланың үстіне құлаған. Мәлім болғанындай қоршау орнына дұрыс бекітілмеген. Салдарынан бала астына жаншылған. Қазіргі уақытта хәлі ауыр.

Балам өмір мен өлім арасында. Оның бас сүйегі сынып, миынан ауыр жарақат алған. Ішінара амнезия. Тіпті ауыр жарақат әсерінен бұл минингитке ұласуы мүмкін,

деді баланың анасы Instagram парақшасындағы бейнежазбада.

Сондай-ақ әйел осы іске қатысы бар мердігер компанияның жауапсыздығын жауапсыз қалдырмайтынын айтты.

Тіркелген іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Тау-кен жұмыстары немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар дайын болған соң процессуалдық шешім қабылданады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров