Қыз құлағының ішінен 22 жыл тұрған түтікше тауып алды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

tiktok.com / @dogs_over_ppl

Бойжеткен құлағының ішінде 22 жыл жүрген түтікшені көріп қайран қалды, деп хабарлайды ЭК.

26 жастағы Джордан атты америкалық бойжеткен құлағына суық тигізіп алып, отоларингологқа көрінеді. Дәрігер құлағын қарап, ішін жуған кезде күтпеген зат тауып алған. Сөйтсе, ол 22 жыл бұрын салынған тимпаностомикалық түтікше болып шыққан.

"Мынадай түтікшемен қалай жақсы естіп келгенмін?" ­- деп қыздың өзі аң-таң болған.

Джорданның ата-анасы оған 1999 жылы құлағына жиі инфекция түсе берген соң түтікше қойдырған екен. Бұл түтікшелер көбіне өзі түсіп қалады екен. Бірақ бұл жолы жан-жағына құлық толып, түтікше қатып қалыпты.

Қыз оқиғасын TikTok-қа бөлісіп, жүздеген мың қаралым жинаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров