Қазақстандық әлем чемпионының басы дауға қалды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Людмила Прокашева

Павлодарда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық конькиші Людмила Прокашеваның үстінен әріптестері шағымданды, деп хабарлайды ЭК.

Sports.kz-тің жазуынша, Павлодардағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінің ата-аналары мен жаттықтырушылары Әлем чемпионын педагогикалық этикаға жат қылық көрсетті деп айыптап отыр. Сондай-ақ оның жұмыстан кетуін талап етеді. Өйткені мәнерлеп сырғанау федерациясына мүше емес балаларды алалап, балағатайды екен. Тіпті әріптестеріне де қоқан-лоқы көрсетеді деп айтылған полицияға жазылған шағымда.

Ал Прокашева бұл айыптауларды мойындамай, мұның бәрі біреудің тапсырысы деп отыр.

Мен ешкімге артық сөз айтқаным жоқ. Текі бір әріптесімнің жауапсыздығына ескерту жасағаным рас. Ал жаттықтырушылардың жұмысын қадағалау, топтың толық болуын, жаттығу процесінің өз уақытында өтуін тексеру менің тікелей міндетім,

деді әлем чемпионы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров