Жұлдыздар арасындағы "Өнер" көкпары қызып жатыр

Ержан ШАЙЖАН

© ЭК

Алғашқы айналымда жеңіске жеткен “Алматы” және “Әулиеата” командалары ертең өзара бақ сынайды, деп хабарлайды ЭК.

3, 4 шілде күндеріне белгіленген "Өнер" деп аталатын көкпар Нұр-Сұлтандағы "Қазанат" ипподромында өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің түкпір- түкпірінен 9 команда келген.

Бүгін "Алматы" командасы Алматы облысына қарсы ойнап жеңіске жетсе, "Әулиеата" "Жетісу" командасын 3-1 есебімен қапы қалдырды. Фоварит саналатын екі команда ертең өзара додаға түседі.

"Алматы" командасы сапында Серік Ибрагимов, Тәуекел Мүсілім, Мадияр Серікбаев, Есім Орынбасаров, Бақыт Тушаев, Бағлан Әбдірайымов сынды танымал азаматтар бар.

"Алматы" командасы"Алматы" командасы
"Алматы" командасы

Айта кетейік, "Өнер" көкпарының жүлде қорына 21 миллион теңге бөлініп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров