Байланыс операторлары жазаланады

Жұмазия ОРАЗАЙ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Енді интернет нашар болса, байланыс операторларына айыппұл салынады. Жаңадан әзірленген заң жобасына осындай өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ЭК.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі.

Жобадағы 637-бапта "байланыс операторларының телекоммуникация қызметтерін көрсету ережелерін бұзуы" деген тармақша пайда болады. Сондықтан ереже бұзған операторға мұндай олқылық үшін 100-1000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК — 2 917теңге) аралығында айыппұл салынады.

Ал егер байланыс операторы сол кемшілікті тағы қайталаса , айыппұл сәйкесінше, 200-1500 АЕК-ке дейін өседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров