Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жағдай тұрақталды

Экспресс К

Pixabay

Маңғыстау облысының шаруаларына көмек ретінде республиканың өзге де өңірлерінен 100-ден астам орам шөп әкелінді, деп хабарлайды ЭК

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе және Атырау облыстары маңғыстаулық шаруаларға өз аумақтарында шөп шабуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының агроқұрылымдарында малдың қыстауына және жеке шаруашылықтардың жем сатып алуы үшін Үкімет резервінен 1,9 млрд.теңге бөлінеді.

Ал Қызылорда облысының Арал ауданына мың тоннадан астам шөп және 40 тонна құнарлы жем әкелінген.

2021 жыл еліміздің малшылары үшін апатты жыл болды. Әсіресе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының шаруалары қатты қиындыққа тап келді. Көктемгі жауын-шашынның болмауына байланысты жайылымдар мен шабындықтарда шөп бой көтермей, күннің ыстығынан бірден қурап кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров