Елордада Қаныш Сәтбаев пен Дина Нұрпейісоваға ескерткіш орнатылды

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Нұр-Сұлтанда қазақтың белгілі ғалымы Қаныш Сәтбаев пен дәулескер күйшісі Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ЭК.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші Нұр-Сұлтандағы Сәтбаев және Қажымұқан көшелерінің қиылысында орнатылды. Ал Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіш Абылай хан даңғылы мен Күйші Дина көшелерінің қиылысында орналасқан.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың Ұлыбританияға барған сапарында сол елдің премьер-министрі Уинстон Черчилльге "Халқым менен де биік!" деген айтқан сөзі ескерткіштің тұғырында ойылып жазылған.

"Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес" деген екен Қаныш Сәтбаев. Осы ойға салсақ, халқы Қанышын қал-қадірінше ардақтап, есімін ұлықтап келеді. Ғұлама ғалымның атына бұған дейін қала, көше атауларының берілуі — соның айғағы. Кешегі Қазақ тау-кен-металлургия институтының бүгінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті аталуы да зор мәртебе. Бұл — ұлтының ұлы перзентіне көрсеткен құрметінің бір парасы ғана", — деді мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ескерткіштің ұзындығы — 12, 5 метр, салмағы — 4,9 тонна.

Архитектор Саматбек Бөкебайдың айтуынша, елімізде Қаныш Сәтбаевқа осымен 15-ші ескерткіш қойылды. Абай Құнанбайұлынан кейін елімізде ең көп ескерткіш Қаныш Имантайұлына қойылған.

Ал күйші Дина Нұрпейісованың ескерткішінің авторы, мүсінші Жалын Бауырқан. Оның айтуынша, ескерткіштің биіктігі 2,75 метр, тұғырын қосқандағы жалпы биіктігі — 5 метр 50 сантиметр. Ескерткіштің тұғыры тастан шабылған, салмағы шамамен 45 тонна.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров