Түркия телеарнасы "Қазақстан Барысын" тікелей эфирде таратады

Болат МӘЖИТ

Facebook / Qazaqstan Barysy

"Қазақстан Барысы" турнирін Түркияның ТRT Avaz телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ЭК.

4 шілде күні Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында "Қазақстан Барысы" турнирі өтеді. Айтулы додаға сынақтан сүрінбей өтіп іріктелген 37 балуан жолдама алған. Олар Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін күш сынасады. Жеңімпаздар "Алтын тұяқ", "Алтын белбеу", "Қазақстан чемпионы" атақтарын иеленеді.

Қазақ күресін тамашалайтын жанкүйерлердің аз болмайтыны анық. Ең қуаныштысы, түбі бір туысқан халықтар аламан жарысты "ТRT Avaz" телеарнасы арқылы көруге мүмкіндік алып отыр. Бұл телеарна ортақ дәстүр мен мәдениетті насихаттап келеді.

Аталған жарыс 2011 жылы тұңғыш рет өткен. Қазіргі таңда қазақша күресті әлем таныды. Сол арқылы ұлттық құндылықтар дәріптеліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров