Атырауда өрттен анасы қаза тауып, баласын күйік шалды

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық ТЖД

Атырауда үйден өрт шығып, 38 жастағы әйел қаза тауып, 12 жастағы баланың денесін күйік шалды, деп жазады ЭК.

Қайғылы оқиға қала маңында орналасқан Тасқала ауылында болған. Өрт жеке үйдің ас үйінен басталып, бірден шатырды шарпыған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтап, үйден әйелдің денесін алып шықты.

Атырау облыстық ТЖДАтырау облыстық ТЖД
Атырау облыстық ТЖД

— 2009 жылы туылған ер бала денесінің 85% күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Баланың жағдайы өте ауыр. Алдын-ала болжам бойынша, өрт газ құрылғыларын қолдану ережесін сақтамауы салдарынан болған, — деп мәлімдеді ЭК тілшісіне облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық ТЖДАтырау облыстық ТЖД
Атырау облыстық ТЖД

Зардап шеккен отбасыға ауылдастары қаржылай көмек жинап бастады. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров