Атақты ұстаның жыр жинағы жарық көрді

Болат МӘЖИТ

instagram.com / daulet_darkembaiuly

Талдықорғанда қазақ қолөнерінің хас шебері Дәркембай Шоқпарұлының "Замана ағымы" атты жыр жинағы жарыққа шықты, деп хабарлайды ЭК.

Суретші-этнодизайнер, өнертанушы ғалым, зергер-ұста Дәркембай Шоқпарұлы бабалар жолын жалғаған, қазақ қолөнерін жаңғыртқан айтулы тұлға. Ол ұлы даланың небір көркем құпияларын ашты. Теріден, темірден жасаған бұйымдары талайды таңғалдырды. Дәркембай Шоқпарұлы артына асыл бұйымдарды ғана қалдырған жоқ, жас таланттарды тәрбиелеп, өзінде барды шәкірттеріне дарытты.

Дәркембай ШоқпарұлыДәркембай Шоқпарұлы
Дәркембай Шоқпарұлы

Қазір Алматы облысы Ақши ауылында Дәркембай ұста атындағы қолөнер музейі жұмыс істейді. Шебердің отын жағып, әке өнерін дамытып отырған өнерпаз ұлы Дәулет Дәркембайұлы.

"Ұлттық өнер қашанда бір-бірімен тұтасып жатады. Әкем соны терең түсінді. Қазақтың ән-жырын тыңдамаса тұра алмайтын. Содан бойына қуат дарытып, шабытын шарықтатаын. Әкем сөзден ұтылмайтын. Әдемі әзілдері елдің есінде. Кейде көңіл күйін өлеңмен өрнектеп қағазға түсіріп қоятын. Бірақ оны газет-журналға берген емес. Дәптердегі сөз мұрасын әдебиетшілерге оқыттым. Бәрі бірауыздан жинақ етуге лайықты деп тапты", — дейді Дәулет Шоқпаров.

Аталған жыр жинақ Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарыққа шықты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров