Жүк тасушы лифт шахтасына құлап кетті

Болат МӘЖИТ

Pixabay

Оралда сауда үйлерінің бірінде ер адам лифт шахтасына құлаған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқыс оқиға 2 шілде күні сағат 15:07-де болған. Жүк тасушы болып жұмыс істейтін 49 жастағы ер адам абайсызда жеделсаты шахтасына құлап кеткен. Жарты сағат ішінде ол құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына қарағанда, зардап шегуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Иығы сынған. Қазір ол облыстық көпсалалы ауруханада ем алып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров