300-ден астам ауғандық шекарашы Тәжікстанға өтуге мәжбүр болды

Болат МӘЖИТ

Тәжікстан баспасөз қызметі

"Талибан" радикалды қозғалысы Ауғанстанның Хохон шекара комендатурасын басып алған соң, 300-ден астам ауғандық шекарашы Тәжікстанға өтуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ЭК.

Тәжікстан шекара әскерінің баспасөз орталығының мәліметінше, сенбі күні кешкісін Ауғанстанның Бадахшан аймағының Хохон, Шахрибузург және Рогистон уездеріндегі ахуал ушыға түскен. Аталған аудандар толықтай "Талибан" қозғалысының қарауына өткен. Қақтығыстар барысында "Талибан" қозғалысы Хохон уезіне қарасты "Овез" шекара комендатурасын да басып алған.

Ауғанстан Қарулы күштерінің 300-ден астам сарбазы кескілескен ұрыс кезінде "Истиклол" 5-шекара заставасы мен "Саригор" 6-шекара заставасы арқылы Тәжікстан аумағына өтуге мәжбүр болған.

Тәжікстан шекарашылары шегінген ауғандық сарбаздарды қабылдап, заставаларда уақытша орналасуға жағдай жасады. Қазіргі таңда Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы жағдайды Тәжік шекарашылары толықтай бақылауда ұстап отыр.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров