Халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді

Болат МӘЖИТ

Атырау театры Түркияда өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды ЭК.

ХІ халықаралық театр фестиваліне 24 елдің өнер ұжымы қатысты. Солардың арасында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры да бар. Аталған өнер ұжымы жазушы Рахымжан Отарбаевтың "Жалғыздық" драмасын сахналады. Театр басшылығының айтуынша, байқауда аталған қойылым "Ең үздік спектакль" деп танылып, бас жүлдені иеленген.

"Фестиваль аясында өнер көрсеткен театрларға арнайы жүлделі орындар берілген жоқ. Бірақ, драамтургтер мен режиссерлер 24 өнер ұжымының арасынан Анкара, Анталия, Мспания және Қазақстан театрының сахналық қойылымын үздік деп таныды", — дейді Атырай театры директоырынң орынбасары Нұргүл Құмарқызы.

Бұл — атыраулық актерлардың кезекті жеңісі. Бұдан бұрын Атырау жастар театры халықаралық фестивальде топ жарып, ел мерейін үстем еткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров