COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 433 931 ЖАЗЫЛҒАНДАР 400 873 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4444

Экспресс К

©Reuters / Clodagh KILCOYNE

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 3 мың 003 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жексенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 2 мың 765 covid-19 оқиғасы расталды.

Пандемия басталғалы бері елде барлығы 433 мың 931 covid-19 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 791,

Алматы қаласында — 391,

Шымкент қаласында — 169,

Ақмола облысында — 105,

Ақтөбе облысында — 78,

Алматы облысында — 112,

Атырау облысында — 154,

Шығыс Қазақстан облысында — 73,

Жамбыл облысында — 34,

Батыс Қазақстан облысында — 173,

Қарағанды облысында — 496,

Қостанай облысында — 53,

Қызылорда облысында — 56,

Маңғыстау облысында — 186,

Павлодар облысында — 71,

Солтүстік Қазақстан облысында — 19,

Түркістан облысында — 42.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 400 мың 873 адам емделді, оның ішінде 1 мың 594 адам соңғы тәулікте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров