Қарағанды өңірінде жоғалған қыз табылды


Қазір жағдайы жақсы, ата-анасының қасында - деп хабарлайды ЭК.
13 жастағы жасөспірім қыздың туысы, оның аман-есен табылғанын хабарлады.
"Бауырымның табылғаны туралы бүгін түн жарымда хабар келді. Сонымен баршамыз сонда бардық. Қазір жағдайы жақсы. Ана-анасының қасында. Іздеу жұмыстарына үлес қосқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін"- деді Әнел Ғазиева.
Еске сала кетейік, кеше Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім қыз іздестіріліп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. Бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң қыздың жақындары полицияға жүгінген болатын.