Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлады

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ТЖД

Ұшақ бортында болған азаматтар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін таңғы сағат 07.50 шамасында Іздеу және құтқаруды үйлестіру орталығына Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі күріш алқабын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлағаны туралы хабар келіп түскен. Ол ұшып шыққаннан кейін бірнеше сағаттан соң техникалық ақау салдарынан қонуға мәжбүр болып, егіннің үстіне түскен.

Ұшақ бортында болған 1954 және 1967 жылдары туған екі азамат ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ұшақ "Илиса" ЖШС-не тиесілі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров