Ақтөбеде мүгедек жігіт өзендердің айналасын күл-қоқыстан тазартып жүр

Кәмшат ҚОПАЕВА

© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА

Ақтөбелік Бекет Зейнуллин туа бітті сал ауруына шалдыққанына қарамастан, қоғамдық жұмысқа белсене араласады, деп жазады ЭК.

© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА
© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА

22 жастағы Бекет — "Таза жағалау" еріктілер тобының белсенді мүшесі. Еріктілер әр аптаның жексенбі күні қала маңындағы өзендер мен су тоғандарының айналасын тазартуға барады. Күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды қапшық-қапшық қылып жинап, полигонға тапсырады. Әр барған сайын 200-300 қапшық қоқыс жиналады. Былтырдан бері 300 тоннадан астам қалдықты полигонға тапсырыпты. Ал Бекет осы игі істен бірде бір рет тыс қалмаған. Мүгедек болса да топпен бірге қоқыс жинап, оны сұрыптап тыным таппайды. Тазалықты жақсы көреді. Адамдарға көмектесуге жаны құштар.

© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА
© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА

Бекеттің әкесі Қайрат Тұрмұханов ұлына қолдау білдіріп, өзі де баласымен бірге жүреді.

© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА
© Ж. КӨЗДЕМБАЕВА

-Балам үйдегі ұсақ-түйек шаруалардың бәрін өзі жасайды. Аула сыпырады, су әкеледі. Тілінің мүкістігі болғасын көп адам сөзін түсіне бермейді.

Өзім вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Үйге келген кезде ұлыммен бірге өзеннің айналасын тазартамын. Көлігіммен ерікті балаларды әрі-бері тасып, қолымнан келгенше көмегімді аямаймын. Табиғаттың таза болғаны жақсы, — дейді Қайрат.

"Таза жағалау" еріктілер тобының жетекшісі Жанат Көздембаева да Бекеттің ісіне риза.

— Бекет өте елгезек жігіт. Шаруаны бар ынтасымен жасайды. Өкінішке қарай, дені сау адамдар өзеннің айналасын ластап, шашып кетеді. Әр жексенбі күні онға жуық адам Елек, Қарғалы өзендері мен Ақтөбе су тоғанының айналасын тазартамыз. Тұрғындар табиғат аясына шығып, соңында қоқысты жинамай тастап кетеді. Адамдардың осындай салғырттығы таң қалдырады, — дейді Жанат.

Бекеттің анасы 2004 жылы қант диабеті ауруынан көз жұмыпты. Қазір ол әкесі, ата-әжесі және туыс ағасымен бірге барлығы бір үйде тұрады. Бекет қоғамдық жұмыстан бөлек компьютермен де жұмыс істегенді ұнатады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров