Алимент төлемегендер сотталып жатыр

Экспресс К

Pixabay

Қарағандыда алимент төлемеген екі адам бір жылдан бас бостандығынан айырылып, жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды, деп хабарлайды ЭК.

Екі адамның алимент бойынша берешегі қомақты. Бірінің қарызы 924 733 теңге болса, ал екінші ер адамның әкелік "парызы" 1 653 260 теңгеге жеткен.

Әділет министрлігінің мәліметінше, сотталған борышкерлер бірнеше жыл бойы перзенттері алдындағы міндетін орындаудан бас тартқан.

"Қылмыстық Кодекстің 139-бабына (алимент төлеудан жалтару) сәйкес, Қарағанды қаласының тұрғыны И.И. Иванов пен П.П. Петров кінәлі деп танылды. Олар бір жыл бас бостандығынан айырылып қана қоймай, жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады", — деп мәлімдеді Әділет министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров