Қостанай облысында қызыл жалынды сабалап сөндіріп жатыр (видео)

Абылай МАУДАНОВ

Бейнеден кадр

Қостанай облысындағы дала өртімен арпалысып жатқан тұрғындардың жаңа видеосы пайда болды, деп хабарлайды ЭК.

Торғай өңіріндегі бір мезгілде бірнеше жерден тұтанған өртті ауыздықтауға ТЖ қызметкерлерінің шамасы жетер емес. Жайылымның босқа жанып жатқанына шыдамаған жергілікті халық ерікті түрде тілсіз жаумен күресуге шықты.

Арнайы техника жетіспегендіктен тұрғындар қолдан келгенше амал қылуда. Бейнежазбалардан Көлқамыс ауылы тұрғындарының тракторға тіркелген цистернамен су құйып, киіз байланған құрықпен қып-қызыл отты ұрғылап сөндіріп жатқанын көруге болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров