Ішінде 85 адам отырған әскери ұшақ құлады


Филиппинде C-130 әскери ұшағы құлады, деп хабарлайды ЭК.
Оқиға елдің оңтүстігіндегі Сулу провинциясында болды. Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, қазір ұшақ ішіндегі 85 адамның 15-і құтқарылған.
"Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, дереу іске кірісті. Көп адамның өмірін сақтап қалсақ екен деп дұға жасап жатырмыз", — дейді осы елдің қарулы күштерінің қолбасшысы Сирилито Собежана.
Ұшақ Джоло аралына қонғалы жатқанда құлаған.