Ақтөбе облысында дала өртіне кінәлі адам жауапқа тартылды

Кәмшат ҚОПАЕВА

ТЖД

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы орман алқабының маңында өрт шығып, шабындық жердің бір бөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ЭК.

ТЖДТЖД
ТЖД

Мәртөк ауданының далалық алқабында өрт шығып, Қаратоғай, Родниковка, Қарашай ауылдық округтерінің маңындағы орман алқабын шарпыды.

Хабарлама түскен бойда аудандық өрт сөндіру және "Мәртөк орман шаруашылығы" мекемесінің қызметкерлері мен ерікті азаматтар дереу жетті. Алайда қатты желден жалын өршіп, біраз аумаққа жайылды.

Барлығы 10 техника және 42 адам тоғыз сағат бойы қызыл жалынмен айқасты. 49 гектардан астам аумақты қамтыған өрт сөндірілді. Шабындық жер мен жас орман алқабының бір бөлігі жанып кетті. Ал өрт шөп жинайтын трактордың ұшқынынан шыққан.

ТЖДТЖД
ТЖД

Өрттің шығуына себепкер болған азаматқа айыппұл салынды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді. Шөп жинайтын агрегат, трактор, комбайн секілді техникаларда қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Арнайы өрт сөндіргіш құрал, күрек, сыпырғыш бірге жүруі керек. Ал өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған адам тек әкімішілік емес, қылмыстық жауапкершілкке тартылатынын есте сақтаған жөн.

ТЖДТЖД
ТЖД

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров