Ереван мен Баку өзара тиімді мәміле жасады

Экспресс К

© Getty images

Ереван Таулы Қарабақтағы мина алқаптарының картасын Бакудегі тұтқында жатқан өздерінің 15 адамына алмастырды, деп хабарлайды ЭК

Әзірбайжан Сыртқы Істер Министрлігінің хабарлауынша, Армения Қарабақтағы Физули және Зангилан аудандарындағы мина алқаптарының картасын берген. Кейбір есептерге қарағанда, ол аймақтарда танкке және жаяу әскерге қарсы жалпы саны 92 мыңға жуық мина жасырылған.

Мәмілені жүзеге асыру үшін Қарабақтағы ресейлік бітімгершілік контингенттің басшысы Рустам Мурадов делдал болды. Ресми Баку бұл әскери әрекет саперлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп, бейбіт тұрғындар арасында құрбандар санын азайтады, дейді. Жауапты шара ретінде Әзірбайжан өз түрмелерінде жазасын өтеп отырған 15 армянды босатты.

© Getty images© Getty images
© Getty images

Өткен айдың ортасында да, Әзербайжан 15 тұтқынды босатып, мина орнатылған Агдам ауданының картасын қолдарына алған еді. Ол кезде Грузия, АҚШ және Еуроодақ араағайындық жасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров